22 қаз, 2022 сағат 09:34

Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды


Абай атындағы мемсыйлық иегерлері белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1. Жайлыбай Ғалымға, ақын - "Ай таңбалы арғымақ" өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;

2. Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер - "Жібек" мюзиклі үшін;

3. Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші - "Жүрегім, нені сезесің?" концерті үшін;

4. Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы - "Желқайық" романы үшін;

5. Сегізбай Кәдірбекке, жазушы - "Тағдыр толқыны" романы үшін;

6. Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші - "Үш арыс" мүсіндік композициясы үшін;

7. Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор - "Тәтті мұң" ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілді.