2000 жылдардың ортасында Қазақстандағы әкімшілік реформаның негізі «Good governance» практикаларын бейімдеу және одан әрі енгізу болды. «Good governance» немесе «Тиімді мемлекеттік басқару» ұғымы барлық мемлекеттік ведомстволарды бюрократиялық тетік бөлігі ретінде емес, елдің дамуында түрлі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған жекелеген ұйымдар ретінде қарауды ескереді.
2007 жылы Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында негізгі даму міндеттерінің бірі ретінде «жиынтықты және кәсіби Үкіметті» құру мақсатында «халықаралық практиканы ескере отырып, әкімшілік реформаны жеделдетілген өткізуді» анықтады.
Президенттің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында әкімшілік реформа басымдықтары нақтыланды: (1) мемлекеттік басқару процестері мен рәсімдерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін сапалы жетілдіру; (2) кәсібилікті, қызмет тиімділігін және мемлекеттік аппараттың үйлестірілуін арттыру.
Жарлыққа сәйкес тиімді мемлекеттік басқару жүйесі негіздерінің бірі мемлекеттік басқару органдарының тиімділігін кешенді бағалау болуы тиіс. Мемлекеттік аппарат жұмысының жеке бағалау жүйесін құру кезінде Қазақстан көптеген факторларды ескеру қажет болған. Мысалы, сол уақытта мемлекеттік органдарда сыртқы бағалау жүргізуде ешқандай тәжірибе және бағалау мәдениеті болмаған. Шенеуніктер бағалау – бұл жазалау қүралы емес екенін, оның міндеті жұмысты жақсарту екенін түсінбейтін. Басқа маңызды мәселе «мемлекеттік орган жұмысының тиімділігі» ұғымын анықтау болды: ол неден көрініс табады, алуан түрлі ведомстволардың тиімділігін қалай бағалау және салыстырылатын нәтижелерді қалай алу қажет? Халықаралық тәжірибеге жүргізілген талдау қорытындылары бойынша қазақстандық модель Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің қолданыстағы бағалау жүйелерінің негізінде жасалған.
Ресми түрде Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесі 2010 жылы күшіне енді. Бағалау жүйесі жұмысының алғашқы жылында үш мемлекеттік органға ғана пилотты бағалау жүргізілген: Ақмола облысының әкімдігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Пилотты бағалаудан, әдіснаманы және бағалау рәсімдерін пысықтаудан кейін 2011 жылы 40 мемлекеттік орган бағаланды. Бүгінде 14 облыс әкімдігі, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ 15 орталық мемлекеттік орган (министрліктер және агенттік) бағаланып жатыр.
Өзінің жұмысының алты жылында бағалау тұтас жүйе ретінде қалыптасты: тұрақты бағалау кестесі және оған сәйкес келетін деректер ағындары құрылды, кешенді әдіснама әзірленді, барлық негізгі бағалау рәсімдері қалыптасты: қорытынды жасаудан, нәтижелерге шағымданудан бастап оларды талқылау мен әзірленген ұсынымдарды күшіне енгізгенге дейін (пост-аудит).
Бағалау жүйесінің әдіснамасы келесідей болып құрылады: Президенттің №954 Жарлығы әдіснаманың негізгі элементтерін анықтайды – Бағалау жүйесінің блоктарын және оның ішіндегі бағыттарды. Әр бағыт, мысалы, «Персоналды басқару», «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» немесе «Ашық үкімет» – бұл мемлекеттік орган жұмысының жеке тиімділік көрсеткіші. Жекелеген түрде Әдіснама бағалаудың әр блогы бойынша Әдістемелерде критерийлер жиынтығын және есеп жүргізу тәртібін сипаттайды. Бағалау критерийлері өте серпінді: жыл сайын бағалау әдістемелеріне өзгерістер енгізіледі. Осылайша, мысалы, 2015 жылға қарай барлық мемлекеттік органдар 100% мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын әзірледі және мұндай критерий бойынша бағалау тоқтатылды. Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылу дәрежесін (электрондық үлгіге аудару), мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру деңгейін (қызметті көрсету мерзімін және халықтан сұралатын құжаттар санын қысқарту) және т.б. бағалайтын жаңа критерийлер енгізілді. Ақпараттық технологияларды қолдану, олардың бір-бірімен интеграциясы мәселесінде де бағалау негізі өзгерді, ол да халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін қажет болады. 2016 жылға қарай ведомстволық ақпараттық жүйелер саны 274 бірлікті құрады және олардың бір-бірімен байланыс деңгейі 95%-ға жетті. Осыны ескере отырып, критерий де бағалаудан алып тасталды, енді негізгі басымдық оларды пайдалану сапасына аударылатын болады. Әдістемелердің мұндай жылжымалығы Бағалау жүйесін икемді етеді және мемлекеттік басқару саласындағы реформаларға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.
Жалпы тұрғыдан Бағалау жүйесі әкімшілік реформаның жалпы прогресін байқатады. Алғашқы жылдары бағалаудың арқасында мемлекеттік органдар өзінің ішкі процестерін ретке келтірді. Мысалы, сол уақытта олардан стратегиялық жоспарларды енгізу талап етілді және өзінің критерийлері арқылы Бағалау жүйесі мемлекеттік орган стратегиялық жоспарды қаншалықты сапалы әзірлегенін және өзінің жұмысының көрсеткіштерін қаншалықты дұрыс жоспарлағанын және жыл қорытындылары бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу деңгейінің қандай екенін бағалай алатын. Персоналды басқару және мемлекеттік қызметтерді көрсету, электрондық құжатайналымын енгізу, деректер базаларын интеграциялау және электрондық үкіметті дамыту рәсімдері бағаланатын. Яғни, өзінің критерийлері арқылы бұл Жүйе мемлекеттік органдарды жұмысын жақсартуға және онымен қоса мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі реформаларын қолдауға мәжбүрлейтін.
Осы жылы бағалау жаңа әдіснамалық модель бойынша жүргізілген. Жаңа модель көптеген рәсімдерді бағалаудан бас тартты және екі затқа шоғырланды: нәтижелерді бағалау және мемлекеттік басқарудың негізгі реформаларын қолдау. Бұл ретте мемлекеттік орган жұмысының нәтижесі белгілі бір стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізу, сондай-ақ азаматтарға қызмет көрсету ретінде қаралуы тиіс. Осы тұрғыдан бағалаудың екі негізгі блогы (1) «Бюджеттік бағдарамалардың стратегиялық мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу», (2) «Азаматтармен өзара іс-әрекет» болды. Осы екі блок әр мемлекеттік орган үшін бағалаудың қорытынды балынан 45% береді. Мемлекеттік органның тиімді жұмысы мүмкін болмайтын негізгі процестік көрсеткіштер «Ұйымдастырушылық даму» блогында бағаланады және қорытынды балдан 10% береді.
Бірінші блок мемлекеттік орган жыл ішінде стратегиялық сипаттағы міндеттерге қалай қол жеткізгенін, бұл ретте бюджеттік бағдарламалар қаражатын қалай игергенін және пайдаланғанын бағалайды. Осы жылы алғаш рет барлық министрліктерде стратегиялық жоспарлау мақсаттары және бюджет арасындағы байланыс бағаланды. Мұдай байланысты орнату – бұл бюджет қаражатын жұмсау әсерін бағалау мүмкін болмаған жағдайда «нәтижелі» бюджетті енгізуде алғашқы маңызды қадам.
«Азаматтармен өзара іс-әрекет» екінші блогы мемлекеттік органдардың азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлануын қолдайды. Мемлекеттік орган қызметтерді қаншалықты сапалы және мерзімінде көрсететіні, оның азаматтардың шағымдарын қаншалықты сапалы және толық қарайтынын және қанағаттандыратыны бағаланады, сондай-ақ мемлекеттік органның «ашықтығы» бойынша үлкен жұмыс көлемі бағаланады: ол қанша және қандай ашық деректерді жариялайтыны, азаматтармен диалогты қалай жасайтыны (сайт, блоктар, сауалнамалар, баспасөз-конференциялары), ол бюджеттік ақпаратты қаншалықты толық ашатыны және талқылау үшін заң жобаларын жариялайтыны. Бағалау шеңберінде жасырын сауалнама арқылы халыққа көрсетілген қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіледі.
«Ұйымдастырушылық даму» блогы мемлекеттік органның ұйым ретінде тиімділігін анықтайтын факторларды бағалайды, онда мемлекеттік органның персоналды бағалауы, сондай-ақ мемлекеттік орган өз жұмысында ақпараттық жүйелерді қаншалықты толық және тиімлі қолданатынын, олардың электрондық үкіметпен қаншалықты интеграцияланғанын бағалайды. Аталған блог шеңберінде мемлекеттік қызметкерлерге бірегей жасырын сауалнама жүргізіледі, оларға жүктеме деңгейі, еңбек шарттары мен еңбепк ақыға қанағаттандырылуы, мемлекеттік органдағы ынталандыру мен басқарушылық практикалар туралы сұрақтар қойылады. Осы жылы сауалнама 27 000 мемлекеттік қызметкерді қамтыды, ал қазір сауалнаманы автоматтандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр және жақын уақытта барлық мемлекеттік қызметкерлер бағалауға қатысатын болады.
Бағалаудың ең негізгі әсері мемлекеттік органдар үшін нақты «тиімділік картасын» көру және өзін басқа мемлекеттік органдармен салыстыру мүмкіндігі пайда болатынын айтуға болады. Бәсекелестіктің мұндай элементі көптеген бағаланатын министрліктер мен әкімдіктер үшін мәселелерді шешуде және жұмысты оңтайландыруда жақсы ынта бола алады. Сондай-ақ бағалау – бір реттік компания емес екенін, оның жыл сайын өткізілетінін ескеру болатын нәрсе және оның нақты критерийлер бойынша жақсы тәртіптік нәтиже беретінін түсінген жөн.
Әлдеқайда жоғары деңгейде Бағалау жүйесі реформаларды қолдауға және оларды іске асыру процесін тексеруге мүмкіндік береді. Бұрын аталған реформа мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында жүргізілетін. 2013 жылы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңды қабылдаған сәттен бастап мемлекет өзі үшін қызмет берушінің жаңа рөлін анықтады. Аталған салада көп қиындық болды: қызмет көрсету көп уақытты алды, халықтан қағаз түрінде көп құжат талап етілді, көрсетілу мерзімі ұзаққа созылды. Бұл ретте көптеген мемлекеттік қызметтер құрылымданбаған, оларды көрсетудің нақты стандарттары көрсетілмеген, көрсетілу мерзімі мен орындаушылар айқындалмаған.
Осы мәселелердің барлығы мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бағалау әдіснамасының негізін құрады: қызметтерді Тізілімге енгізгеннен, стандарттарды әзірлегеннен, автоматтандырудан және оларды халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсырудан бастап қызметтерді көрсетуге қажетті мерзімдер мен құжаттарды есептегенге дейін. Қазір бағалау нәтижелері мемлекеттік органдар жасаған ауқымды жұмысты байқатады. 2016 жылы Тізілімге енгізілген және «мемлекеттік» дәрежесіне ие болған көрсетілетін қызметтер саны 3 есе артты (бүгінде олар 723). Тізілімнің әр мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша стандарттар мен регламенттер қабылданды. Мемлекеттік қызметтің 414 түрі автоматтандырылған және электрондық үлгіде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер түрлерінің 75% (Тізілім бойынша 723-тің 548-і) халыққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және ХҚКО-лар арқылы қолжетімді болды. Ал 7 жылда мемлекеттік қызметтерді көрсету саны 46 есе азайды (494,6-дан 10,7 мыңға дейін).
Жалпы, Бағалау жүйесі бір бөлігі болып табылатын мемлекеттік басқаруды жаңғыртудан әсерді азаматтар өтініштері мен шағымдарының қарапайым көрсеткіші арқылы айқындауға болады. 2007 жылы мемлекеттік органдарға азаматтардан 23 млн-нан астам өтініш пен шағым келіп түсті. Әкімшілік реформаны іск асыру шамасына қарай азаматтар өтініштерінің саны 2013 жылы 2 есе (10,8 млн-ға дейін), ал 2016 жылы 18 есе (23-тен 1,3 млн-ға дейін) азайды.
Қазіргі уақытта Бағалау жүйесі мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру реформасын белсенді қолдайды. Ол үшін бірқатар критерийлер әзірленген: бюджеттік бағдарламалар жобаларын және оларды іске асыру туралы есептерді жариялау кезінде мемлекеттік органдардың белсенділігі; жалпы талқылауға арналған нормативтік-құқықтықщ актілердің жобалары; қызметінің тиімділігі туралы айқындайтын статистикалық ақпарат. Кері байланыс сапасы да қосымша бағаланады: азаматтар тарапынан қандай да бір деректер сұранымдарына жауаптар, мемлекеттік органдар басшыларының блогындағы шағымдарға әрекет ету. 2016 жылғы қорытындылар бойынша мемлекеттік органдарға жұмыста ашықтыққа қол жеткізу үшін көп жұмыс жасау қажет, бұл ретте Бағалау жүйесінің алдында жаңа күрделі міндет тұр.