#
#
Бейсенбі 06/08/2020
17:22 Үндістанда ауруханада болған өрт 8 адамның өмірін қиып кетті 17:16 Карантинде отбасында жанжал шығаратындарды бақылаудың жаңа тәсілі енгізілді 16:56 Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ 16:35 Коронавирус жұқтырғандардың 85 пайызы медицина назарынан тыс қалуы мүмкін – дәрігер 16:32 Жаңа оқу жылында оқушыларға арналған интернет тарифтік жоспары іске қосылады 16:25 Бірінші жартыжылдықта мемлекет келтірілген 21,1 млрд теңге экономикалық шығын өтелді 16:06 Қазақстанда 200-ден астам адам ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдырады 16:00 Эйфель мұнарасы Бейруттағы жарылыс құрбандарын еске алу үшін түнде жарықтарын өшірді 15:55 Алматыда КВИ жұқтырған жас босанған әйел ауыр халде жатыр 15:43 Коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауға қатысты кеңес өтті

Мемлекетке маман керек пе, миллион керек пе?

  • 20.02.2019
  • 0
  • 1974


Мемлекеттің қолдауымен білім алған жастың миссиясы – мемлекеттің дамуына қай жағынан болсын, өз үлесін қосу. "Бауырларым, дені сау, жас шақтарыңда жұрт үшін шауып қал" деген Әлихан Бөкейханның да сөзін ескермей кеткеніміз жоқ. Тек өзіміз қалап, таңдап түскен мамандықты бітіріп, сол мамандықта мемлекеттік жұмыс таппай, сенделіп жүрген "маман иесі" болғанымыз қынжылтады. Әйтпесе "су ішкен құдығымызға түкіруден" аулақпыз.

2012 жылы қабылданған "Білім туралы" Заңның 47-бабының 17-тармағында "жас маман оқуды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл МЕМЛЕКЕТКЕ (соның ішінде педагогикалық бағытта бітіргендер білім саласында) жұмыс істеуі керек" делінген. Бұл әрбір мемлекеттік грантта оқыған педагогтарға қатысты Заң ("ауыл квотасымен" шатастырмаңыздар). Аталған заң 2015 жылдан қолға алына бастапты-мыс. Біз 2013 жылы оқуға түскенде ешкім бұл туралы ләм деп ауыз ашпады. Тек әбден оқу бітірерде бәрімізге келісімшартқа қол қойғызды. Қандай ұрыспен, қандай қырылыспен қойғанымызды "қойғызған" адамдар біледі. Сол жылы магистратураға тапсырып үлгере алмағасын мемлекеттік білім беру мекемелерінен жұмыс іздедік. "Орын жоқ, еңбек өтілің жоқ, анау-мынау" деп қырық сылтауын айтып шығарып салады. Мына жақтан "Қаржы орталығы" қағаз жіберіп, одан қалса звондап есімізді тандырады. Жұрт тапқан "МЕМЛЕКЕТТІК" жұмысты бұлар неге таппайды деп ойлайтын шығарсыздар? Біз мемлекеттік жұмыстан қашпаймыз, ТЕК:

1) Ең алғаш оқуға түскенде осы туралы ашық айтылу керек еді, тәмәм 4 курсқа келгенде жағамыздан алғаны үлкен дау тудырды. Мұғалімдеріміз "басқа-басқа сендер жұмыссыз қалмайсыңдар" дейтін. Сонда әлгі айтқан жұмысы қайда?!

2) Бұл Заңның барын біреу білсе, біреу білмейді. Тіпті универдегі мұғалімдеріміз "магистратураға түскесін құтыласыңдар" дегенді нығыздап айтып, жұмыс істеуімізге қарсы болған. Сөйтсек, араға жыл салып түскен магистратура есептелмейді екен. Яғни, мен 2017 жылы бакалавр бітірдім, сол жылы түсуім керек. Биылғы магистратураға түскенім – менің проблемам. Енді қазір "магистратурада оқисыз" деп мектеп жақындатпайды, "жұмысқа толық күнге кірейін" десем, магистратурадағы оқуым сәйкес келмейді. Не ары емес, не бері емес..

3) Бір сұқбатында Ықылас Ожайұлы "Мағжан сенген жастардың критерийлері бар, жастың бәріне сенем демеген ғой" деп еді. Оқуға қайта түскесін "бакалаврдың қателігін қайталамайық" деп шетелге академиялық мобильділік бойынша оқуға тапсырдық. Түркиядан оқуға шақырту кеп тұрған жерінен кері қайтардық. Мемлекетке қарызы бар адамдар мемлекеттен шығарылмайтын боп шықты. Осындайда берілмеген қолдау қашан берілмек?! "Жастар жылы" дейді..

4) Сосын, "тұрмысқа шығып, балалы болған жағдайда босатыласыңдар" деген болатын. Бұның да арты шала болды-ау, балалы болып құтылу үшін де мемлекеттік жерден "тиісті демалысқа" шығу керек екен. Мүлде жұмыс істемей "демалыста отырған" группалас-аналарымызды да мазалап жатқан көрінеді. Сонда "демография" деген маңызды мәселеміз қайда қалды?!

...Біз сияқты жұмыс іздеп сандалып жүрген жас қаншама?! Жұмысқа сұраныс жоқ екен, онда неге "қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығына осынша грант бөлінеді? Неге университет біздің "мемлекетке қарыз екенімізді" біле тұра "2 жылдарың магистратурамен есептеледі" деп неше жылдан кейін болса да оқуға қабылдайды? НЕГЕ?!

Тас лақтырсаң, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне тиеді. Елбасымыздың биылғы жылғы «Мұғалімдердің мәртебесі туралы» берілген тапсырмасы баршаға аян. Мәртебе, мансап емес керегі, өз мамандығымыз бойынша мүдделі орындарға орналасып, «миллионымыздан құтылсақ» деген ниет қана біздікі. Әйтпесе, "былай тартсақ, арбамыздың сынуы, былай тартсақ, өгізіміздің өлуі жақын!" Бұл не деген парадокс саясат?! Кім шындықты ашып, кім түйінін шешіп береді?..

Ләззат Мақаштың фейсбуктағы жазбасынан

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар