26 мау, 2023 сағат 13:56

Мемлекетке 109 млн теңгеге жуық залал келтірген кәсіпкер сотталды

Фото: pixabay.com

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысатын жеке кәсіп иесі оның атынан «ТехнологияГорМаш» және «ТД СнабСервис» ЖШС атына 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың қараша айы аралығында тау-кен-шахта жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге шот-фактуралар жазғаны анықталды, бірақ іс жүзінде бұл тауарларға жеткізушілері болмаған. 

"Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 109 миллион теңгеге жуық ірі залал келтірілді.

Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-өкімдік функциялармен байланысты лауазымдарды 5 жыл мерзімге атқару құқығынан айыра отырып, 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.