20 мам, 2021 сағат 19:05

Мемлекет басшысының Тәжікстанға жасаған екі күндік ресми сапары табысты өтті - Берік Уәли


Мемлекет басшысының Тәжікстанға жасаған екі күндік ресми сапары табысты өтті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекет басшысының Тәжікстанға жасаған екі күндік ресми сапары табысты өтті. Тәжікстан тарапы қазақстандық делегацияға зор құрмет көрсетті. Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Душанбе әуежайынан өзі күтіп алып, шығарып салды», - деп жазды Берік Уәли.

Осыған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға ресми сапармен барғанын хабарладық.

Бүгін Мемлекет басшысы шағын және кеңейтілген құрамда кездесудер өткізіп, Тәжікстанның бірқатар лауазым иелерімен кездесті.

Сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстан басшылары бірлескен мәлімдеме жасады.