30 шіл, 2025 сағат 16:43

Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz

Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, жан-жақты серіктестікті кеңейту жолында тараптардың күш-жігер жұмылдыра беретініне сенім білдірді.