01 там, 2025 сағат 17:17

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

Фото: Ақорда

Президентке 2025 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыс баяндалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Министр армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі шақырылым, әскери-патриоттық тәрбие мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы есеп берді.

Мемлекет басшысы әскери әлеуетті арттыруды, қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жарақат алу оқиғаларының алдын алуды тапсырды.