Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді Корея Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.
Президент екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жандандырып, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Корея халқына құт-береке тіледі.
Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында Ли Чжэ Мён жеңіске жетті.
