27 қар, 2025 сағат 12:12

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, Гонконгтегі тұрғын үй кешенінде болған алапат өрт салдарынан қаза тапқандар саны 44 адамға дейін өсті.