14 қыр, 2022 сағат 20:20

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасын шығарып салды


Қытай Халық Республикасы Төрағасының Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді әуежайдан шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бүгін түс ауа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында күтіп алды

Одан кейін Ақордада Қытай басшысы Си Цзиньпинді салтанатты қарсы алу шарасы өтті.

Артынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу өткізді.

Кездесуден соң Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен наградтады