20 нау, 2021 сағат 16:13

Мемлекет басшысы Қазақстанның сот жүйесі туралы заңнамасына қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.