14 қаң, 2019 сағат 19:41

Мемлекет басшысы әйгілі жаттықтырушы Вадим Псаревтің отбасына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев грек-рим күресі жаттықтырушысы Вадим Псаревтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы грек-рим күресінің әйгілі жаттықтырушысы Вадим Александрович Псаревтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Вадим Александрович спорт саласында жарты ғасырдан астам уақыт қызмет еткен кезінде Валерий Резанцев, Жақсылық Үшкемпіров, Анатолий Назаренко және Владимир Бакулин сияқты Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің даңқты шоғырын тәрбиелеп шығарды. 2014 жылы әлемдік грек-рим күресін дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін FILA-ның Даңқ залына оның есімі жазылды», - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вадим Псаревтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында әрдайым сақталатынын атап өтті.