
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында Алматыға барып, арнайы жиналыс өткізбек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алматы – Қазақстанның ірі қаласы. 3 миллионға жуық тұрғыны бар. Еліміздің қаржы және бизнес орталығы. Дегенмен Алматыда көптеген өзекті мәселе, түйткілдер бар. Сондықтан қаланың дамуына айрықша назар аударамыз. Оған қоса Алматы қаласының маңына облысқа қарасты елдімекендер тығыз шоғырланған. Көптеген мәселені Алматы облысымен бірлесе шешуге тура келеді. Құрылыс, инфрақұрылым, жер және басқа да салалар бойынша бірқатар ортақ мәселе бар. Амандық болса, наурыз айында Алматыға барып, арнайы жиналыс өткіземіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа қарата айтқан сөзінде.
