15 қаң, 2021 сағат 10:40

Мәжіліс комитеттерінің төрағалары сайланды

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палатаның 7 тұрақты комитетінің төрағалары сайланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Отырыс барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұсынысымен: 

- Аграрлық мәселелер комитетіне парламенттік оппозициядан - Ерлан Барлыбаев, 

- Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне - Жәмила Нұрманбетова, 

- Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне - Қанат Мусин, 

- Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне - Айгүл Құспан, 

- Қаржы және бюджет комитетіне - Марат Құсайынов, 

- Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне - Альберт Рау, 

- Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне парламенттік оппозициядан Александр Милютин төраға болып сайланды.