Фото: Мұрат Аяған
Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың кентіндегі жер үйден екі адамның мүрдесі табылды. Жер үй елді мекендегі «Площадка» шағынауданы аумағында орналасқан. Қайтыс болғандар қызы мен әкесі екені анықталған, деп хабарлайды Ult.kz.
Белгілі болғандай, марқұмдардың мүрдесі үйде ұзақ уақыт жатып қалған. Ал үйде осы уақытқа дейін қайтыс болған ер адамның зайыбы және марқұм әйелдің кішкентай баласы тұрып келген. Басқа ақпарат әзірше жарияланбады.
– Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.
