Фото: otyrar.kz
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі марқұм Нұрай Серікбай ісіндегі күдіктінің психиатриялық орталыққа жатқызылуы туралы түсінік берді, деп хабарлайды Ult.kz.
Еске салсақ, марқұмның өліміне қатысты күдікті кеше психиатриялық тексеруден өту үшін жіберілген болатын.
Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтің сөзінше, күдікті қазір Ақтас қаласында және аса ауыр қылмысты тергеу аясында сот-психиатриялық сараптама міндетті түрде жүргізілуі тиіс.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов бұл іске қатысты:
"Сараптамалар жүргізілгеннен кейін қылмыстық іс сотқа жолданады. Ол жауапкершілікке тартылатын болады. Бұған ешқандай күмән болмауы тиіс", – деді спикер.
Қазіргі ақпаратқа қарағанда, сараптама шамамен бір ай ішінде аяқталуы тиіс.
