2017 жылдың 14-17 қыркүйек аралығында Мәскеу қаласы Үкіметінің делегациясы Астанаға келеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің сайты.
Делегация құрамына көтерме азық-түліктік кешен ұйымының өкілдері, сауда саласында ірі желілік компания өкілдері, «Мәскеулік жәрмеңкелер» МБМ, Ресей және өзге қызығушылық танытқан ұйымдардың әкімшілік кеңесінің өкілдері кірді.
Бұл сапардың негізгі мақсаты - ҚР өңірлері мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және нығайту, оған қоса Мәскеуге ҚР тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын арттыру болып табылады.