«Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Қауымдастығы құрылтайшыларының жалпы жиналысында Орталық кеңес төрағасы А.Ж. Игбаевтың ұсынысымен Мәсімов Қажымқан Қасымұлы «Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының» президенті болып сайланды. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының» вице-президенті болып Әбубәкіров Серік Абдулахметұлы сайланды.
«Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы» 2009 жылы қыркүйек айында фермерлік қоғамдық бірлестіктер мен «Қазақстан агроодағы» ұйымының базасында құрылды, делінген хабарламада.
Айта кетсек, Кәрім Қажымқанұлы 8 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалған болатын.