07 мам, 2022 сағат 09:20

Маңғыстауда жауған ірі бұршақ көліктерді зақымдады – видео

коллаж: Tengrinews.kz

6 мамырда кешке Ақтау-Жаңаөзен тасжолында бұршақ жауып, салдарынан көліктер бұзылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Лада" сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлер жағдайды видеоға түсіріп алған. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан бұршақтың диаметрі бір сантиметрден асатынын көруге болады.

Кейбір жүргізушілерге қозғалысты тоқтатуға тура келген. Сондай-ақ, олар көліктері қалай бүлінгенін, әйнектері сынғанын, көліктің корпусын видеоға түсіріп алған.

6 мамырда Маңғыстау облысы аумағында күн бұзылуына байланысты ескерту жарияланған болатын. Синоптиктердің болжамынша, Маңғыстауда жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін.