20 қаз, 2016 сағат 15:50

Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған қыздардың жүктілігі жоғары болып тұр

Қазақстандағы қыздардың ерте жүктілігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен салыстырғанда 6 есеге жиі кездеседі. Бұл туралы БҰҰ Халықты қоныстандыру қоры бағдарламасының (ЮНФПА) Қазақстандағы үйлестірушісі Ғазиза Молдақұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресми статистика мәліметтеріне қарағанда, 15-19 жастағы қыздардың бала туу жиілігі шамамен 35 оқиғаны, нақтырақ айтқанда 1000 қызға шаққанда 34,72 оқиғаны құрап, 2011 жылдан бері ұдайы артып келеді. Бұл үдеріс соңғы 10 жылда ешқандай өзгерген жоқ. 2011 жылы 1000 қызға шаққанда 29 оқиға тіркелген болатын. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың бала тууына қатысты ең үлкен көрсеткіш Маңғыстау облысына тиесілі  1000 қызға 54 оқиға, одан кейінгі орында Жамбыл облысы -  1000 қызға шаққанда 50,5 оқиға, сосын Атырау облысында 46 оқиғадан тіркелген. Айта кетерлігі, Қазақстандағы бұл көрсеткіш Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен салыстырғанда 6 есеге жоғары. Ұйым елдерінде  кәмелетке толмаған мың қызға 4-6 оқиғадан тіркеледі», - деді Ғазиза Молдақұлова.

Оның айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 15-18 жастағы 4-5  қыз жасанды түсік жасатады. Ал ауылды жерлерде тұратын қыздарда ерте жүктілік көрсеткіші олардың қаладағы құрбыларына қарағанда 12 пайызға жоғары.