12 ақп, 2022 сағат 14:44

Маңғыстау облысына қоқиқаздар ұшып келді - видео


Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев квадракоптермен түсірген қоқиқаздар видеосын жариялады. 

"Өкіншке орай, оларға жақындауға мүмкіндік жоқ, инфрақұрылым жоқ, арнайы көру алаңқайлары жоқ, жалпы ештеңе жоқ...

Негізінде Қаракөл Маңғыстаудағы ерекше жер, қаласаң оны орнитология меккесіне айналдырып жіберуге болар еді, мысалға Дубайдағы Рас-аль-Хор қорығы секілді. Алайда барымыз осы", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев өз аккаунтында. 

Эко-белсенді Сәкен Ділдахметтің айтуынша, құстың бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және әлемде оның 10-нан астам түрі кездеседі. 

«Қоқиқаздар біздің елге Африка, Түрікменстан, Ауғанстан елдерінен ұшып келеді. Сәуір айында келіп, күн суытқанша (қыркүйек, қазан айларына дейін) болады. Қоқиқаздардың елордаға жақын жердегі негізгі мекені Қорғалжын қорығы, оларда сонда мекендеп, көбейеді. Мамандардың айтуынша, елімізге жыл сайын 100 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келеді екен. Оның ішінде Ақмола, Қостанай, Жамбыл және Маңғыстау облысының аумағын мекендейді. Талдыкөлге келсек, мамандардың мәлімдеуінше, мұнда кіші және үлкен 100-ден астам құс мекендейді. Оның қатарында қоқиқаз, аққу, қаз, үйрек, шағала, бірқазан және тағы басқа құстар бар. Талдыкөлге келген бұл қоқиқаздың биылғы балапандары. Олар жылы жаққа ұшпас бұрын осындай көл мен көлшіктерге тоқтап, әл жинап, одан әрі ұшады», - дейді Сәкен Ділдахмет.