17 ақп, 2022 сағат 17:16

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары үйқамаққа жіберілді



Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Ғалымжан Ниязов 24 наурызға дейін үйқамаққа жіберілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі облыстық тергеу сотына сілтеме жасап.

Тергеушінің өтініші бойынша Ғалымжан Ниязовтың "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы 16 ақпанда "үйқамаққа" ауыстырылды.

Ниязовтың 4 ақпанда қамауға алынғаны туралы хабарланған болатын.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Оның соңы ауыр зардаптарға алып келген.