Атырауда жер мәселесіне қатысты митинг ұйымдастырушылар Макс Боқаев пен Талғат Аян бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Үкім Атыраудың №2 қалалық сотында шығарылды.
Макс Боқаев пен Талғат Аян ҚР Қылмыстық кодексінің "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру", "Қоғамдық шара өткізудегі көрінеу жалған ақпарат тарату" және "Жиналыстарды, митингілердi, пикеттерді, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу" баптары бойынша айыпты деп танылды.
Еске салайық, мұның алдында бұл іс бойынша Атырау сотында бизнесмен Тоқтар Төлешев куәлік берген болатын. Одан Астанадағы тергеу абақтысынан видеоконференция арқылы сұрау алынды. Тоқтар Төлешевтің сөзінше, ол Макс Боқаевпен де, Талғат Аянмен де жеке таныс болмаған. Ақша мен жер реформасына қатысты проблемалар айтылған сөздердің үзінділерін Талғат Аянға ол басқа адам арқылы беріп жіберген. "Мен Интернеттен жер реформасының проблемаларына қатысты айтылған сөздердің үзінділерін алдым. арлығын қатты конвертке салып, Нұрғалиға бердім де: "Волковтан 150 мың доллар аласың, оның 100 мыңын салып жібересің, 50 мыңын өзіңде ұстап жүр, кейін айтқанда саласың дедім. Нұрғали бұл ақшаны кімге, не үшін, қандай мақсатта салатынымзыды білмеді де. Жаңа жалдан кейін Нұрғали маған келіп, сәлемдеме жөнелтілгенін айтты", - деген еді Тоқтар Төлешев.
Шымкенттік бизнесмен жер реформасы мәселелерін қазақстандықтар үшін жер мәселесі аса маңызды болғандықтан таңдағанын айтты.
"Жер мәселесі. Қазақтар болғандықтан. Өз жері үшін олар соңына дейін барады. Халықтың толқуы... Бұл қазақтар үшін өте маңызды екені сөзсіз. Мен мұны сол үшін таңдадым. Жерді шетелдіктер сатып алып, кейін жер соларға тиесілі болатындығы маған да ұнамады. Қазір де ондайды қаламаймын, шынын айтқанда", - деп жауап берді кәсіпкер прокурор сұрағына. Төлешев вице-президент болғысы келгенін, митингілерді де сол үшін қаржыландырғанын айтты.