20 қаз, 2025 сағат 10:25

Мағжан Ілиясов АҚШ-тағы Қазақстанның жаңа Елшісі болып тағайындалды

Фото: Inbusiness.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Осыған байланысты ол бұған дейін атқарып келген бірқатар дипломатиялық қызметтерінен босатылды. Атап айтқанда, Ілиясов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі, сондай-ақ Исландия мен Ирландиядағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарудан босатылды.