26 мау, 2019 сағат 10:35

«Луна» жарылғышының жарылатыны жалған

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік желіде тарап кеткен хабарламаға қатысты түсініктеме берді. 

"Құрметті қала тұрғындары! 

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында әлеуметтік желілерде «Луна» жарылғыш заты 2 сағат ішінде жарылады деген мәліметтер таратылуда. 

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпараттың жалған екенін хабарлайды", - делінген ведомствоның хабарламасында.