09 ақп, 2021 сағат 14:26

Лима Диас Азаматтық бастамаларды қолдау орталығын басшысы болды

Лима Диас Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 ақпанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Лима Диас «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциалық емес орталығының Басқарма төрайымы болып тағайындалды.

Лима Диас «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры-ресми өкілі, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ директоры, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі қызметтерін атқарған», делінген хабарламада.