07 мау, 2017 сағат 10:16

Лев Толстой. Күнделіктегі ойлар

«Ең қиыны – қарапайым жазу». Бірнеше жыл бұрын Арыстан атайдың осы бір пікірі санаға төңкеріс әкелген-ді. Рухани аштықтағы ең сүйікті тағамдарым – Толстой шығармалары. Толстой көзқарастары. Көптен бері күнделіктерін ақтарып ми шылауларын тазартудамыз. Бұл  – Толстой ғұмырының ақырғы  шағында қорытқан ойлары, шынайы сенімдері, сезімі. Күнделікте жазушының ішкі келбеті ашылады, соны пікірлері мен ойлары көрініс табады. «Әлемнің күміс қоңырауы» атанған алпауыт талант иесінің «шашылып түскен маржандарын» түйсініп оқуға шақырамын.

Ұнатқанымның бәрі қолыма түсе бермейді, бірақ қолымдағының бәрін ұнатамын. 

* * *

Кеше шынайы сезім жайлы әңгіме болды.Түйіні мынау: көрегенді, адамгершілік келбеті қалыптасқан адам шынайы сезімді көре алады.Үйленген немесе айрылысқандар – ашуланған адамдай онымен күресе бастайды,ортаңғолдар  мейрімділікке балап, қызығады.Ал, мүлде адамдық бет-бейнесі  қалыптаспаған пенделер оны  түсінгісі де  келмейді, тіпті миықтан күледі.

* * *

Егер әркім өз үйінің есік алдын сыпарар болса, бүкіл көше тазаланар еді. 

* * *

Әлем қайғы қасірет жұтқандарға құрмет көрсете білгендер арқылы алға жылжиды. 

* * *

Ең үлкен адасушылық адамдарды бір жақты бағалау.Оларды мейірімді немесе ашуланшақ,ақымақ, ақылды  деген ой қалыптастыру. Адам ағыс секілді ағып отырады, онда бұл қасиеттердің барлығы да кездеседі.Кейде ақымақ,кейде ақылды, кейде ашуланшақ, кейде мейіріміді болады немесе кересінше.Бұл - адамның ұлылығы.  Сіз оны бір жақты бағаладыңыз делік, ал, ол қазір мүлде өзгереген,өзге адам! «Жақсы көрмеймін» деуге болмайды.Сіз солай дегеніңізбен, ол қазір мүлде өзге..

* * *

Сезімсіз ғұмыр кешу жеңіл, алайда онсыз ой болмайды. 

* * *

Шынайы ақиқат – өте қарапайым. 

* * *

Таңертеңмен маңызды әрі тұщымды ойлар келді.Енді соларды ұмыт қалдырғандай алаңдау үстіндемін. Еске түсіріп көрейін: Адам өзін танымағанша өлі не тірі екенін білмейді, өйткені ол әлі тірі емес. Тірі адам ретінде танымын сезінген шақта тынымсыз өзін сұрақтың астына ала бастайды.Неге ғұмыр кешіп жүр? Жауабын іздеуге көшеді.Бір жауаптың пұшпағына жеткенше жаны тыныш таппақ емес.

* * *

Адамдар көбіне мөлшерлі  ақылға ие болғаны үшін ғана аппақ арымен мақтанғыш келеді. 

* * *

Адам әрқашан бақытты болуға тиісті, егер оны жоғалтып алса, қай жерде қателескенін қарасын.

* * *

Жастардан «мен өзгенің ақылымен жүргім келмейді,өзім ойлана аламын» дегенді жиі естиміз. Ойланып,сүбеленіп қойған дүниелерді қайта ойланып не керек.Дайын дүниені ал да, алға жорта бер! Адамзаттың күші осында.

* * *

Ең үлкен адасу – ештеме де істеместен бақытты күту.

* * *

Мәселе көп білуде емес, ең маңыздысын білуде. 

* * *

Ойын ойнау үшін қарын тоқ болу қажеттілігі түсінікті.Қоғамның әр мүшесінің қарыны ашпаған кезде ғана олар өнерге ден қоя алады.Егер қоғам мүшелері тоқ болмаса, нағыз өнер өркен жаймақ емес. Салғырт өнер – кескінсіз, аш қоғамдағы өнер – дөрекілеу, өкінішті..

* * *

Адам өзіне жақын тақырып жайлы әңгіме қозғағанда, тыңдаушының өзіндей емес екенін ұмыт қалдырады.Егер адамдар өзін шынайы алаңдатқан, немесе рухани дүниені сөз етпесе, міндетті түрде жеке басы жайлы көп сөзділікке ұрынады.Әлбетте, бұл өте көңілсіз.

* * *

Адам баласының дүниеде жалғыз ғана жолы бар.Бірақ ақылы оянып,сана-сезімі өз әрекетін игерген шақта жол екіге айрылады. Не бойындағы жануарлық күш ақылға бағынады, не ақыл жануарлық күшке қызмет етеді.Ақыл жануарлық табиғатқа айналса, қызықтың бәрі сонда болмақ.Егер ақылға жеңдірсе, ол адам дүниенің бос селтеңіне бой алдырмайды,саналы түрде жалғыз жол ашып, сол жолға бет алады.

* * *

Бәрі де адамзатты өзгерткісі келеді, бірақ өзін өзгерту жайлы ойланатындар сирек.

* * * 

Кеше Янжулда болдым.Одан өлім жайлы не ойлайтынын,баянсыздық немесе баянды ғұмыр жайлы сұрадым.Ол ,тіпті,сиыр секілді түк те түсіне алмайды! Мұндай жандар қаншама! Ал, сен онымен сөйлесе отырып қынжыласың, ол сенімен келіспейді де. Осындай  жандармен байланыс орнату тіпті қиын, не жаның қаламаса,не ұнатпасаң, қалай сүймексің,нені талап етесің?.. Қарым-қатынасты олар өздері шешеді. Рухани дүниесі күңгірт. Олармен әрқашан тап бір сырласыңдай құрметпен араласасың. Бұл өзіңе ауыр, кейде өзіңді келеке етеді..  Шыдау қажет.Олардың қашан оянатынын білмейсің.Бәлкім, қазір-ақ сенің сөзің оятар?..

Аударған: Батырхан Сәрсенхан

Ұлт порталы