16 сәу, 2025 сағат 10:39

Лавров Тоқаевтың аумақтық тұтастық жөніндегі ұстанымын қолдамады

Фото: ашық дереккөз

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "ұлттардың өзін-өзі анықтау құқығынан гөрі аумақтық тұтастық құқығы басым болу керек" деген ұстанымымен келіспейтінін білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.

"Аумақтық тұтастықты осы аумақта өмір сүретін бүкіл халықтың атынан сөйлейтін үкіметі бар мемлекеттер ғана құрметтейді. Ал бірде-бір отаршыл держава бұл аумақтағы барлық халықты өкілдік еткен емес! Бұл дәлелдеуді қажет етпейді! Париж де, Лиссабон да, Мадрид те, Лондон да ешкімді өкілдік еткен жоқ... Сондықтан деколонизация үдерісі БҰҰ Жарғысына толық сәйкес өтті", – деді Лавров "Коммерсантъ" газетіне берген сұхбатында.


Бұл сөзін ол Тоқаевтың: "Егер мемлекеттер тек ұлттардың өзін-өзі анықтау құқығына сүйенетін болса, әлемде шамамен 650 аймақтық қақтығыс тұтанып кетуі мүмкін" деген мәлімдемесіне жауап ретінде айтты.