25 қаң, 2022 сағат 13:31

Қызылорда қаласында электр энергиясын беру шектелді


Қызылорда қаласының бірқатар аумағында ақаулыққа байланысты электр энергиясын беру уақытша шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Қызылорда қаласының әкімдігі мәлім етті. 

Электр жарығын уақытша өшіру KEGOK АҚ мекемесінің меншігіндегі 220кВ әуе желісінің бойында ақау туындауына байланысты қабылданып отыр. Шектеу бүгін жергілікті уақытпен 11.00-де басталды. 

«Осыған байланысты қала орталығы, Тасбөгет, Белкөл кенттері және Ақсуат ауылдық округінде электр жарығы уақытша өшірілді. Осыған орай ауыз су беру уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының әкімдігінен.