05 шіл, 2025 сағат 14:45

Қытай туризмінің Қазақстандағы жылы

Фото: ұйымдастырушылардан

Астанада Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік саладағы мемлекетаралық бастамалардың бірі – екі елдің гуманитарлық байланыстарын тереңдетуге бағытталған іс-шара аясында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, 2025 жыл Қазақстанда Қытай туризмінің жылы болып жарияланды.

Өткен шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, дипломатиялық қауымдастық мүшелері мен туристік ассоциациялар қатысып, екі ел арасындағы туристік ынтымақтастықты дамыту және биылғы жылы өзара туристік ағынды арттыру мәселелері талқыланды.

Қатысушылардың айтуынша, Қытай туризмінің Қазақстандағы жылы – Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік пен стратегиялық әріптестікті нығайтудың маңызды кезеңі. Бұл бастама экономика, білім және мәдениет салаларында жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, туризмді өзара түсіністік пен диалогтың құралына айналдыруға мүмкіндік береді.