10 қар, 2016 сағат 10:46

Қытай өкілі Интерполдың жаңа басшысы болды

- Қытайлық Мэн Хунвэй Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының жаңа президенті атанды, деп хабарлады ұйым Туиттер парақшасында.

Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары Мэн Хунвэй Интерпол Бас ассамблеясының 85-ші сессиясында ұйым президенті болып сайланды. Қытай өкілі ұйымды 2012 жылғы қарашадан бастап басқарған француздық  Мирей Белестразидің орнына келді.

7-10 қараша аралығында төрт күн ішінде Интерполға мүше 161-ші елдің 1,3 мыңнан астам өкілі Балиде үш маңызды мәселені (лаңкестікке, ұйымдасқан қылмысқа, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл) қарастыруда.