10 қар, 2017 сағат 16:49

Қырғызстаннан сүт, ет және кондитер өнімдерін кіргізу тоқтатылды

Қазақстан Қырғызстаннан сүт, ет және кондитер өнімдерін кіргізуді тоқтатты. Мұны бүгін Астанада Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бекшиннің айтуына қарағанда, көрші елден Қазақстанға талапқа сәйкес келмейтін тауарлар кіргізу көбейген.

«Тек қазан айында талапқа сәйкес емес қырғыз азық-түлік өнімдері үлесі - 23,4%, жеңіл өнеркәсіп тауарлары үлесі 44%-ға жеткен. Бұл үштің және екінің бірі деген сөз. Сапа және қауіпсіздікті бақылау үшін шекара бекеттерінде қырғыз өнімдерін кіргізуге бақылау күшейтілді. Мен «Ак-Сүт», «РИХА», «Куликов кондитерлік үйі» сияқты Қырғыз Республикасындағы кәсіпорындардың сүт, ет және кондитер өнімдерін кіргізуді және сатуды тоқтату туралы өкім шығардым» деді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.