28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі ел тұрғындары өзара келіспей, қақтығыс басталды. Қырғызстанның 3 ауылында төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қырғызстанның «Ховар» агенттігінің хабарлауынша, шекарадағы келіспеушілік әлі жалғасуда. Бүгін таңғы сағат 05:45-те әскери бөлімге қарай Тәжікстан азаматтары оқ атқан. Ал Ош-Исфана күре жолындағы көліктерге тәжіктің Майский ауылынан тұрғындар тас лақтыруда. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 266-бабы (бұзақылық) бойынша тіркелді.
Бұдан бөлек, Қырғызстанның Көк-Таш ауылының 30 жастағы тұрғыны көзіне оқ жарақатын алған. Ол ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша тіркелді.
Құқық қорғаушылар жанжал орнында күшейтілген қызмет атқаруда.
Қырғызстан Баткен ауданының үш ауылында төтенше жағдай режимін енгізді.
«Кабар» ақпаратына сүйенсек, бүгін Қырғызстанның Баткен облысының басшысы Өмірбек Суваналиев пен Тәжікстанның Согдийская облысының басшысы Раджабб Ахмадзода шекарадағы жағдай бойынша келіссөзді бастады
Ал Тәжікстанның «Ховар» агенттігінің хабарлауынша, 28 сәуір күні сағат 16:00-де Исфара қаласы маңындағы Ходжаи Аъло ауылы қасында орналасқан «Головной» су таратушы пункте Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы ауыл тұрғындары келіспей қалған.
Екі жақ бір-біріне тас лақтырған. Салдарынан Тәжікстанның 7 азаматы түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.
«1924-1927 және 1989 жылдарғы карталарға сәйкес, бұл гидрообъекті Тәжікстан Республикасының аумағында орналасқан. Ол 1968 жылы салынған және Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзекбстан Республикаларының шекара маңындағы қалалары мен аудандарында ирригациялық жұмыстарды жүргізуге, ауылшаруашылық жерлерді суаруға арналған», - делінген Тәжікстан Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратында.
Ведомство «су таратушы нысан Қырғызстан Республикасының елді мекендерінен алыс орналасқанын, алайда қырғыз тарапы өз азаматтарын ұлтаралық шиеленіске әдейі итермелеп отырғанын» атап өтуде.
