23 қаз, 2023 сағат 14:55

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 410 жүк көлігі кезекте тұр

Фото: Freepik.com

Қырғыз-қазақ шекарасындағы «Ақ-тілек-Автодорожный» бақылау-өткізу бекетінде 410 көлік бөгеліп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Қырғызстанның МҰҚК Шекара қызметі Ақпарат және коммуникация басқармасына сілтеме жасап.

23 қазан сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, шекаралық бақылаудан өту үшін аталған бақылау-өткізу пунктінде 410 жүк көлікті кезекте тұр.

Соңғы тәулікте «Ақ-тілек-Автодорожный» өткізу пункті арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға Кант цемент зауытының өнімдері бар жеңіл автомобильдер мен жүк көліктерін есептемегенде, 297 жүк көлігі шықты. Бірақ пунктінің өткізу қабілетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жүк көліктері жиналып қалған.

«Жүк көліктерінің кептелісі маусымдық сипатқа ие. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар экспортының ұлғаюымен байланысты. Қырғызстан мен Қазақстанның шекара қызметтері тарапынан жүк көліктері үшін шектеу жоқ. Қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істейді», - делінген хабарламада.