25 жел, 2017 сағат 13:12

Қырғыз Президенті Астанаға ресми сапармен келді

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сапар аясында Жээнбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Бұған дейін Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі екі елдің көшбасшылары кеңейтілген құрамда да келіссөздер өткізіп, онда екіжақты өзара іс-қимылдың және ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайтындығын хабарлаған болатын.

Сапар қорытындысында бірқатар құжатқа қол қойылып, мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдайды деп күтілуде.

Қырғызстан Президенті ресми сапары аясында Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен де кездесуі жоспарланған.