Фото: Мәжіліс
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Құрылтай жұмысын биыл 1 қыркүйектен бастайтынын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
"Егер халық жаңа Конституция жобасын қолдаса, біз жұмысты 1 шілдеге дейін аяқтаймыз. Содан кейін 1 қыркүйекте жаңа парламент өз жұмысын бастайды", – дейді Мәулен Әшімбаев.
Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес:
- Қос палаталы парламент – Сенат пен Мәжіліс таратылады;
- Оның орнына бір палаталы парламент – Құрылтай құрылады;
- Құрылтай құрамына 145 депутат кіреді;
- Барлық депутаттар пропорционалды жүйе бойынша партиялық тізімдермен сайланады;
- Депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жыл болады;
- Партиялар үшін сайлауалды өту шегі 5% деңгейінде белгіленеді.
Құрылтайдың өкілеттіктері:
Құрылтай елдегі жалғыз заң шығару органы болады. Ол:
- заңдар мен конституциялық заңдарды қабылдайды;
- республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы есептерді бекітеді;
- премьер-министрді тағайындауға келісім береді;
- үкіметтің есептерін тыңдайды;
- жекелеген мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қатысады.
Сонымен қатар Президент заң шығару бастамасы құқығын және вето қою құқығын сақтап қалады.
