02 қар, 2018 сағат 15:25

Курил маңындағы жапон аралы аяқ асты жоқ болды

Жапония жағалауларының маңындағы Эсанбэ Ханакита Кодзима аралы зым-зия жоқ болды. Бұл туралы The Guаrdian басылымы хабарлады.

Аралда халық тұрмайды, журналистердің айтуынша, ол су астына кеткен болуы мүмкін.

Арал Куриль аумағында орналасқан болатын.

Жапонияның жағалау күзеті шағын аралды соңғы рет 1987 жылы бақылаған, сол кезде арал теңіз деңгейінен небәрі бір жарым метр көтеріліп тұрған.

Эсанбэ Жапония өз құқығын бекіту үшін атау берген 158 аралдың бірі болатын. Бұл шағын аралдардың ешбірін халық мекендемейді.