Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Әйгерім Қазезованың өліміне қатысты әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жас ана Әйгерім Қазезованың өліміне қатысты істі назарда ұстады. Бұған дейін облыс әкімі арнайы комиссия құрылып, тәуелсіз сарапшылар тартылатындығын айтқан еді. Ал факт расталған жағдайда, кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылып, қызметінен босатылады.
Бүгін Құмар Ақсақалов әлеуметтік желіде жаңа жазба қалдырып, Әйгерім Қазезованың өліміне қатысты нақты шешімдер қабылданғанын айтты.
«Науқас Әйгерім Қазезованың өліміне қатысты облыста тәуелсіз комиссия жұмыс істеді. Жан-жақты тексеру жүргізіліп, оның барысында барлық фактілер расталды. Осыған байланысты нақты шешімдер қабылданды. Қызметінен босатылғандар:
Юрий Белоног - көпсалалы облыстық аурухананың бас директоры;
Анатолий Рафальский - Тайынша аудандық ауруханасының директоры», - делінген жазбада.