14 нау, 2021 сағат 15:52

Құлаған Ан-26-ның "қара жәшігі" тексеріліп жатыр

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігіндегі деректер тексеріліп жатқандығын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Үкіметі апатты анықтау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің өкілдерінен сараптамалық комиссия құрды. Қазіргі кезде комиссия мүшелері әуе кемесі құлаған жерде. Борттағы қара жәшіктегі деректерді анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде, оның нәтижелері жақын арада жарияланады», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз хабарламасында. 

Қаза тапқандардың туыстары және жақындарымен психологтар жұмыс істеуде, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуге Алматы қаласындағы ҰҚК ауруханасының мамандары қатысуда.

«Е.Васильковтың ата-анасының Петропавлдан Алматыға ұшуы үшін арнайы борт ұйымдастырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына, соның ішінде ғұрыптық іс-шараларды ұйымдастыруға қажетті материалдық және басқа да көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізуде», - делінген делінген ҚР ҰҚК баспасөз хабарламасында. 

Еске сала кетсек, Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты. 

Мемлекет басшысы әуе апатының себептерін анықтауды тапсырған болатын.