22 қар, 2019 сағат 16:54

Ысқақов Байқоңырда туризмді дамыту жолдарын атады

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Байқоңыр қаласында туризмді дамыту жолдарын атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыс басшысы Байқоңыр кешені мен қаланың өзінде еркін экономикалық аймақ құру жұмысы жүргізіліп жатқанын айтып берді.

«Біз Байқоңырға қатысты еркін экономикалық аймақ тұжырымдамасын әзірлеп қойдық. Еркін экономикалық аймақтың басты бағыттарының бірі – туризмді дамыту. Біздің республиканың туристік карталарының ондығына кіретін туристік-сауықтыру аумағы бар. Өздеріңіз білетіндей, Байқоңыр жабық қала. Онда туризм дамымаған», - деді Қызылорда облысының әкімі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қуанышбек Ысқақов ол жерде еркін экономикалық аймақ құрылып жатқаннан кейін басты талаптардың бірі – халықаралық туризмді дамыту болатынын айтып өтті.

«Менің ойымша, ол жерде туризмді дамыту үшін жайлы жағдай жасалады. Жаңа нысандар бой көтеріп, халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа қонақ үйлер, музейлер мен павильондар, ғарыш зымырандарын бақылауға болатын алаңдар салынады», - деді әкім.