19 нау, 2025 сағат 12:28

Кремльдің Путин мен Трамп әңгімесіне қатысты мәлімдемелері

Фото: BBC

Путин Трамптың Ресей мен Украинаның 30 күн бойы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасамау туралы ұсынысын қолдады және әскери күштерге тиісті бұйрық берді, деп хабарлайды Ult.kz.

Басқа да мәлімдемелері:

  • - Путин қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге принципті түрде берік екенін растады.
  • -  Путин Трампқа сәрсенбі күні Ресей мен Украина 175 тұтқынды 175-ке айырбастайтынын хабарлады.
  • -  Ресей мен АҚШ соғысты реттеу бойынша сараптамалық топтар құрады.
  • -  Путин мен Трамп екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге өзара мүдделі екенін білдірді. 
  • - Путин мен Трамп барлық мәселелер бойынша байланыста болуға келісті.
  • - Ресей "ізгі ниет белгісі" ретінде Киевке ауыр жараланған 23 украиналық әскери қызметкерді қайтарады. 
  • - Соғыстың ушығуына жол бермеудің басты шарты – Киевке шетелдік әскери көмекті толық тоқтату және барлау мәліметтерін бермеу болуы керек.
  • - Путин Трампқа Украинада мобилизацияны тоқтату және украин армиясын қайта қаруландыруды доғару қажеттігін айтты.
  • - Путин Қара теңіздегі кеме қатынасы қауіпсіздігіне қатысты Трамптың бастамасына "конструктивті" түрде жауап берді.

Айта кетейік, Тоқаев Путин мен Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды. 

Мемлекет басшысы бұған дейін барлық  державаларды Украина бойынша «Бейбітшілік формуласын» әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын.