Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша бейнеролик жарияланды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жариялады.
Еске салсақ, 19-20 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барады.
Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері бірлескен мәлімдеме жасады.
