17 қыр, 2019 сағат 12:03

ҚР Президенті жұмыс сапармен Солтүстік Қазақстан облысына келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Солтүстік Қазақстан облысына келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы мен индустриялық нысандарын аралайды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізеді деп жоспарлануда.