#
#
Сенбі 17/04/2021

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

  • 24.02.2021
  • 0
  • 153

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ернат Мұхамадиев 1988 жылы Тараз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Оксфорд университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2012 жылы «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінің халықаралық ақпараттар бөлімінің аға сарапшысы қызметінен бастады. 

2014-2016 жж. — ҚР БҒМ Жастар ісі департаментінде басшылық қызметтер атқарды. 

2016-2017 жж. — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры. 

2017-2019 жж. — жекеменшік ұйымдарда еңбек етті. 

2019 ж. мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар