03 мау, 2019 сағат 11:01

ҚР БҒМ шетелдегі қазақтар үшін магистратура, докторантура бойынша білім гранттарын ұсынды

Білім және ғылым министрлігі ҚР азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері үшін білім гранттарын ұсынды. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» сайтында хабарланды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдерін шақырады.

Грант саны:

1 Бакалавриат - 25

2 Магистратура - 125

3 PhD докторантура - 10

Стипендиялық бағдарламаның операторы - ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.

Үміткерлер құжаттарды 2019 жылдың 15 мамырынан 19 шілдесіне дейін тапсыра алады.

Құжаттарды тапсыру Оператордың порталында мына сілтеме бойынша жүзеге асырылады.