06 мам, 2021 сағат 13:47

ҚР АҚДМ Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы тағайындалды.

Бұл туралы министрліктің Telegram каналынан мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаныбек Жұмашев 1970 жылы 10 қазанда Маңғыстау облысы Ералиев ауданы Жетібай ауылында туған. 

Білімі: 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 

2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген. 

1992-1993 ж.ж. Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «Каражанбасмунай» АҚ инженері.

1993-1995 ж.ж. Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы политехникалық колледж мұғалімі.

1995-1997 жылдары Жаркент қаласында Қарулы күштер сапында қызмет етті.

1997-1998 жылдары Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №5 орта мектебінің мұғалімі. 

1998-2000 жылдары Маңғыстау облысының Білім беру басқармасының жетекші маманы.

2000-2004 жылдары Маңғыстау облысының дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.

2004-2005 жылдары Маңғыстау облысы Білім беру басқармасы меңгерушісінің орынбасары.

2005 жылы Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының қызметін атқарушы.

2005 жылы Маңғыстау облысы Білім беру департаменті директорының орынбасары.

2005-2006 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі.

2006-2007 жылдары Маңғыстау облысы Білім беру департаментінің директоры. 

2007-2010 жылдары Маңғыстау облысы Білім беру басқармасының басшысы.

2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2012-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2014-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары.

2015 жылы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2015-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының Xатшысы.

2019 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2020-2021 - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.