11 мам, 2022 сағат 18:44

Қостанайда прокурор өзіне қол жұмсады


Қостанайда қала прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Наш Костанай" порталына сілтеме жасап.

Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, оқиға 5 мамырда болған. 

"Қостанай ауданы аумағындағы орманнан Қостанай қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры Дархан Бисахаловтың денесі табылды. 28 жастағы прокурор асылып қалған", - деп жазды басылым.

Прокурордың артында әйелі мен кішкентай қызы қалған. 

"Прокурордың суицид жасау дерегі соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, іспен Қостанай ауданының полиция бөлімі айналысады. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - деді прокуратура өкілдері.