Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті белгілі бренд атауларымен қолдан жасаған алкоголь өнімдерін сату бойынша заңсыз іс-әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Hennessy» - 430 бөтелке, «Jack Daniels» - 12 бөтелке, «Chivas Regal 18» - 20 бөтелке есепке алу-бақылау маркасыз ішімдік өнімдері тәркіленді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 222-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген хабарламада.
Жыл басынан бері облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері осымен үшінші рет алкоголь өнімдерін өткізу бойынша заңсыз қызметті тоқтатып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қостанайда жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімдерін сақтаумен және өткізумен айналысқан ЖШС-нің бірінің құрылтайшысы әшкереленген болатын. Жүргізілген тінту барысында жалған акциздік маркалары бар 23 мыңнан астам бөтелке мөлшерінде 40 түрлі алкоголь өнімі тәркіленген.
Сондай-ақ, 7 млн теңгеден астам сомаға есепке алу-бақылау маркалары жоқ алкоголь өнімдерін шығарған жерасты цехы анықталды. Ол жерден 6 040 бөтелке, 200 литр спирт мөлшерінде дайын алкоголь өнімі, сондай-ақ мөлшерлегіш, спиртомер, қақпақтар тәркіленді.