#
#
Сейсенбі 22/09/2020

Қостанайда екі бала үй ішінде жанып кетті

  • 09.12.2019
  • 0
  • 438

Әулиекөл ауданында тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады. Оқиға бүгін аудан орталығындағы 1 мамыр көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған.

«Үй ішінде қараусыз қалып қойған 2016 және 2018 жылы туған екі бала жанып кетті. Үйдегі барлық төсек-орын, жиһаз өртенді. Өрт ауқымы 18 шаршы метрді құрады», - деді Ирина Беженарь.

Оқиғаның алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану. Тұрғын үй өрті бүгін сағат 12.39-да толығымен сөндірілді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар