27 мам, 2022 сағат 15:47

Қостанай облысында тасжолдан өтіп бара жатқан бұландар видеоға түсіп қалды


Қостанай облысының Қарасу ауданында жолдан өтіп бара жатқан екі бұлан видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қостанай облысының Қарасу ауданында жолдан өтіп бара жатқан екі бұлан видеоға түсіп қалды.Кадр әлеуметтік желілерде пайда болды.

Сирек кездесетін әдемі жануарларды Қарасу–Қостанай тасжолындағы көлік жүргізушілері көрген.

2021 жыл дерегі бойынша Қазақстанда бұлан саны 6 555-ке дейін өсті. Олар Солтүстік, Орталық Қазақстан, Алтай, Жайық және Ертіс өзендерінің жайылымдарын мекендейді.

Бұлан бүкіл орман аймағында - тундрада да, орманды далада да кездеседі. Өзен аңғарлары бойымен далаға өтіп, теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікке көтеріледі. Ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.